Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас досына Алматыдан 50 мың доллар тұратын су жаңа пәтер алып берді

Еліміздегі ең танымал әншілердің бірі Қайрат Нұртас әкімшісі Айдын Құдабаевқа былтыр қымбат көлік сыйлаған-ды. Мұнымен қоймай, әнші биыл жақын досына Алматыдағы Қалқаман ықшам ауданынан пәтер алып берді.

новый коллаж кайрат

Қалқаман ықшам ауданындағы «Премьера» тұрғын үй кешенінен сатып алынған пәтердің құны – 50 мың доллар. Бұл туралы Құдабаев 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына берген сұхбатында айтқан.

Әкімші «басшысынан» мұндай бағалы сыйлықты күтпеген. Ал жомарт жанды Қайрат пәтердің жөндеу жұмыстарын да өз мойнына алып, ішін қымбат жиҺаз бен техникаға толтырған көрінеді. Айдынның әйелі, үйдің жөндеу жұмыстарына шамамен 15 мың АҚШ долларындай ақша жұмсалды деп отыр. Ал өзі сыйға тартқан үйге Қайрат әлі қонақ болып үлгермепті. Ал Айдын Құдабаев Қайрат пен оны тәрбиелеп өсірген ата-анасына шексіз риза екенін жеткізді.

Тыңдарманына мыңдаған доллар тұратын костюмдерін сыйға тартатын мәрт әнші көмек сұрап келгендердің бәріне бірдей көмектесе алмайтынын мәлімдеген.

“Бәріне көмектесе алмаймын, өйткені мен де үйдегі жалғыз асыраушымын, маған 11 жан қарап отыр. Қолдан келгенше көмегімді беремін, дегенмен бәріне көмектесу мүмкін емес”, – деді Қайрат.

Қайрат Нұртастың жанында жүру екінің біріне бұйыра бермейтін бақ. Тек адал, сенімді әрі өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын адам ғана Қайратпен бірге жұмыс істей алады. Оған бір дәлел – әнші өзі және отбасы туралы ақпаратты айналасындағы адамдардың жария етуіне қатаң түрде тыйым салған. Есесіне Айдарбековтер жанұясы өздеріне адал қызмет еткен жандарға барынша көмектесетін көрінеді. Мәселен, Қайрат Нұртастың отбасы Айдын Құдабаевтың үйлену тойын жасауға қажылай жағынан көмектескен.

Жіберіп алмаңыз: 

Тыңдармандары Қайрат Нұртастың жолын бөгеп, көпке дейін жібермей қойды (видео)

Сал аруына шалдыққан жігіт емі үшін Қайрат Нұртастың өзіне сыйлаған пиджагын сатпақшы

Қайрат Нұртас Астанадан мектеп ашқалы жатыр

Қайрат Нұртас: Қазақстанда тұрып мен неге басқа тілде сөйлеуім керек?

Талқылау