Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қайрат” құны қымбат ойыншымен қатарын толықтырды

Футболдан Чили құрама командасының бұрынғы ойыншысы, 28 жастағы орталық жартылай қорғаушы Херсон Асеведо “Қайрат” командасымен келісім-шарт жасасты.

тпимас

Сурет championat.com

Бұл туралы бүгін Sports.kz хабарлайды.

Айта кетелік, бұған дейін Герсон Элиас Асеведо Рохас өз елінде “Коло-Коло”, “Унион Эспаньола”, “Пуэрто-Монтт” және “Антофагаста” командалары және Екатеринбордың (Ресей) “Урал” және Саранскінің “Мордовия” командалары сапында өнер көрсеткен.

Ұлттық құрама сапында 2011 жылы Мексика құрамасымен болған матчта ойнады.

Transfermarkt.de сайтының хабарлауынша, Асеведоның трансферлік құны 3 миллион еуроны құраған.

Талқылау