Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Құдайберген өз ұлын таспен ұрған әкенің әрекетіне қайран қалды

Кәсіпкер Қайрат Құдайберген баласын ұрған әкені сөкті.

Қайрат Құдайберген өз ұлын таспен ұрған әкенің әрекетіне қайран қалды

Бұған дейін Алматыда ағаш түбінен табылған баланы өз әкесі ұрғаны анықталған еді. Баланың еміне көмектесіп жүрген кәсіпкер айыпталушының әрекетін сынады.

“Кішкентай періштеге зиянын келтірген айуан оның өз әкесі болып шықты. Иә, менімен бірге емханаға барып, ұлына көмек беруді сұраған әке. Енді қазір қоғам алдында кешірім сұрап отыр”, – деп жазады Қайрат Құдайберген Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, бұл істе қорқынышты жайт бар.

“Бұған дейін қоғам полицияны әбден айыптаған еді. Оның ішінде мен де бармын. Бірақ бәрі бір адамды ұмытып кетті. Ол баланы көлік қаққанын көрдім деген еді. Хайп жасағысы келген болар. Оған не дерімді білмеймін. Ешнәрсеге қарамастан істің мән-жайын ашқан полицейлерге алғыс айтамын. Дәрігерлердің еңбегі зор”, – деп жазады ол.

Естеріңізге сала кетсек, Алматыдағы Шығыс айналма автожолында белгісіз жүргізуші 5 жасар баланы қағып кетіп, оқиға орнынан із суытқан. Анасы полицияның кінәлі жанды таба алмай жатқанын айтып,алматылықтардан көмек сұраған еді. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау