БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қайрат Құдайберген көз жұмған 5 қыздың ата-анасы туралы: Олардың таңдауы болған жоқ

Астанада болған қайғылы жағдайдан кейін кәсіпкер Қайрат Құдайберген өз пікірін білдірді. Ол жұмысқа барамыз деп бір-ақ түнде балаларынан айырылған ата-ананың таңдауы болмағанын айтты, деп жазады Stan.kz.

Қайрат Құдайберген көз жұмған 5 қыздың ата-анасы туралы: Олардың таңдауы болған жоқ

Қайрат Құдайберген қайғылы жағдайға отбасын асырау үшін күн-түн демей жұмыс істеген ата-анасының кінәсі жоқ екенін айтты.

«Бес періште бұл өмірді ересек көзбен көре алмай кетті. Ата-анасы адал еңбек етіп, отбасын асырауға тырысты. Бүгінгі таңда бір баланы асыраудың өз қиын. Ал олар бес баланы өсіріп отырған еді», – деп жазды кәсіпкер Instagram желісінде.

Сондай-ақ, ол кей адамдардың балалардың ата-анасының біреуі үйде болғанда, мұндай жағдай орын алмас еді деген пікірін қолдамады.

«Мұндай ақылдыларға айтқым келетіні – олардың үйде болмағанына жақсы өмір себеп болған жоқ. Әкесін де, анасын да түнгі ауысымға шақырған. Олар келісуге мәжбүр болды. Себебі олардың таңдау болған жоқ… Бұл біздің халық үшін үлкен қайғы… Періштелердің жатқан жері жайлы болсын!» – дейді Қайрат Құдайберген.

Еске сала кетсек, Астанада өрт салдарынан бір үйдің 5 баласы көз жұмды: 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары дүниеге келген. Олардың ең кішісі – небәрі 11 айлық. Түнде олар тірідей өртеніп кеткен кезде, ата-анасы жұмыста болған.

Кеше марқұмдардың денесі жер қойнына тапсырылды. Жерлеу рәсіміне жүздеген адам жиналды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр