Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Миллионер қоқысты алып тастады: Құдайберген қазақстандықтарға үлгі көрсетті

Танымал кәсіпкер Қайрат Құдайберген Медеу мұз айдынындағы қоқысты жинап, адамдардан қоршаған ортаға қамқорлық танытуды сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Кәсіпкер Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында қоқысты қоқыс салатын жәшікке тастаудың еш қиындығы жоқ екенін жазды:

“Қоқысты тастау үшін 5 метр жүру соншалықты қиын ба??? Адамдар, біз шошқа емеспіз ғой! Өз қаламызды, жерімізді, елімізді жақсы көрейік. Мен басқа біреудің қоқысын жинаңыздар демеймін, тек өздеріңіз оны қалдырмаңыздар. Жаман жағдайларда өмір сүргілеріңіз келмесе балаларыңызға, достарыңыз бен жақындарыңызға қоқысты қалдырмауды үйретіңіздер.

Қоқысты мен гетто, бразильдік  кедейлердің, Мумбайдың  көшелерінен емес, біздің еліміздің маржаны саналатын Медеуден жинадым! Өз жеріне осылай қарайтын отандастарым үшін ұяламын.

Сіздердің қолдауларыңызбен мен “Адам болсаң, қоқысты көтер” атты науқанды бастағым келеді. Көшеден қоқыс көрсеңіз, оны алып тастаңыз. Видеоға түсіріп #қоқысты_көтер хэштегін қойыңыз.

Бір айдан соң мен науқанды қорытындылап, өз елінің нағыз патриоты саналатын 10 адамға 10 құнды сыйлықты сыйлаймын.

Өз еліңізді жақсы көріңіздер. Ол оны көшеге қоқыс тастап қорлағанға қарағанда оңайырақ” , — дейді ол.

Талқылау