Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Құдайберген: Адамдар итті де жолдың шетіне тастап кетпейді

Белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайберген Алматыда көлік қағып, жолдың шетіне тастап кеткен 5 жасар баланың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайрат Құдайберген: Адамдар итті де жолдың шетіне тастап кетпейді

Қайрат Құдайберген бүгін ауруханаға барып, 5 жасар Дінмұхаммедтің жағдайын біліп қайтқанын айтты. Ол баланың ата-анасымен де кездескен.

«Аурухананың бас дәрігері Абай Зікірұлы бізге келіп, толық ақпарат беру үшін өз кабинетіне алып барды.

Қазіргі уақытта Дінмұхаммедтің өмірі үшін үздік деген мамандар күресіп жатыр. Тірі қалу мүмкіндігі 50 де 50. Кеше ол 3-дәрежеде комада жатқан. Бүгін 2-дәрежеге өзгерді. Алдағы 3, 5  және 7-нші күндер ауыр болады. Бұлар ең қауіпті күндер. Соққы салдарынан баланың бас сүйегінің жартысы ішке кіріп кеткен. Дәрігерлер пайда болған ісік пен бас сүйегінің сынықтарын алды. Алайда соққыдан кейін Дінмұхаммедтің миы үлкейе бастады. Бұл ең қауіпті жағдай.

Дәрігерлер қолынан келгеннің бәрін жасап жатыр. Қажетті дәрі-дәрмек пен жағдай бар. Алайда баланың жағдайы өте ауыр екенін тағы айта кетемін», – дейді кәсіпкер.

Қайрат Құдайберген: Адамдар итті де жолдың шетіне тастап кетпейді

Өз сөзінде Қайрат Құдайберген адамдардың итті де жолдың шетіне тастап кетпейтінін айтты.

«Қылмыскердің ойында не болғанын білмеймін. Алайда адамдар итті де бұлай жолдың шетіне қалдырып кетпейді», – дейді кәсіпкер Instagram-парақшасында.

Қайрат Құдайберген: Адамдар итті де жолдың шетіне тастап кетпейді

Кәсіпкердің сөзінше, Дінмұхаммедтің емінің ақысын «Трансформатор Қазақстан» клубының мүшелері толықтай өз мойнына алғанын мәлімдеді.

Сонымен қатар кәсіпкер баланың өмірі үшін дұға жасайтынын және қылмыскер жақын уақытта табылады деп үміттенетінін айтты.

Естеріңізге сала кетсек, Алматыдағы Шығыс айналма автожолында белгісіз жүргізуші 5 жасар баланы қағып кетіп, оқиға орнынан із суытқан. Әлеуметтік  желілерде баланың отбасының таныстары хабарлағандай, жүргізуші баланы қағып кеткеннен кейін оны көрпеге орап, жолдың шетіне тастап кеткен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау