Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Қайрат» Қазақстан Кубогының алты дүркін иегері атанды

Алматылық «Қайрат» Қазақстан Кубогын алтыншы рет ұтып алды деп хабарлайды STAN.KZ. Астанадағы кездесу алматылықтардың пайдасына 1:2 есебімен аяқталды.

кайрат

Осылайша алматылық клуб Қазақстан Кубогын иеленуде рекорд орнатты. Бір реттен көбірек еліміздің Кубогын иеленгендер қатарында астаналық «Жеңіс» (3 рет) және «Астана» (2 рет) бар.

Патрик Твумасидің голына “Қайрат” Джордже Деспотовичтің дублімен жауап қайтарды. Осы жеңістің арқасында “Қайрат” Қазақстан Кубогының иегері титулын қорғап шықты. Өткен жылда Владимир Вайстың қоластындағылары аталмыш турнирде жеңімпаз атанған болатын.

Ел чемпионатында алматылықтар күміс медалистер атанып, ал астаналықтар “алтын” иеленген.

Талқылау