Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қайрат” футболдан Қазақстан Суперкубогын иеленді

Футболдан Қазақстан Суперкубогы үшін болған матчта “Қайрат”-“Астана” матчында алматылық ұжым пенальтиден басым түсті. Матчтың негізгі уақытында да, қосымша уақытта да есеп ашылған жоқ.

56

Суреттер vesti.kz

Командалар негізгі уақытты да, қосымша таймда да есеп аша алмай тең тарқасқан. Жеңімпаз матч соңындағы пенальти соққылары арқылы анықталып, ойын 5:4 есебімен “Қайрат” пайдасына шешілді.

Пенальти сериясында алғашқы бестіктің талпыныстары тең аяқталып, қателікке дейінгі соққылар жалғасқан. Ақыры “Астана” ойыншысы Серікжан Мужиковтың қателігінен кейін, “Қайраттың” жаңа легионері Лукаш Тесак жеңіс голын соқты. Тесак осылайша халықаралық әйелдер мерекесімен тұспа-тұс келген өзінің туған күнінде өзіне де, барша “Қайрат” жанкүйерлеріне де ерекше сый жасады.

“Қайраттың” жаңа бапкері Александр Бородюктің бұл Қазақстан чемпионатындағы алғашқы жетістігі. Бүгін “Қайрат” сапында жаңа ойыншылардан тек Лукаш Тесак ғана алаңға шықты. Ал “Астана” қатарында былтыр “Қайратта” ойнаған Джордже Деспотович пен Марк Гурман алаңда өнер көрсетті.

Былтырғы Суперкубок үшін тартыста да “Астана” мен “Қайрат” кездесіп, елордалық клуб пенальти арқылы жеңіске жеткен еді.

Матчқа әлемдік деңгейдегі танымал өзбек төрешісі Равшан Ирматов төрелік жасады.

photo_63101

photo_73319

photo_73318

Талқылау