Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қайрат” футбол клубы жаңа ойыншыларын таныстырды

Алматылық “Қайрат” футбол клубы жаңа маусым алдында команда қатарын толықтырған жаңа футболшыларды таныстырды. Алайда, салтанатты шараға белгілі ресейлік футболшы Андрей Аршавин қатысқан жоқ. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

YHKQpNJiKJk

Сурет “Қайрат” ФК ресми сайтынан алынды

Клуб келушілерге арналған ашық жаттығу өткізіп, маусым аралық үзілісте қосылған жаңа ойыншыларды таныстырды. Енді биылғы маусымнан бастап словениялық Лукаш Тесак, жартылай қорғаушы Ян Вороговский және “Ордабасы” мен Қазақстан құрамасының қақпашысы Андрей Сидельников “Қайрат” намысын қорғайды.

56d86fe3c1ed3

Ал Аршавин Алматыға 26 ақпан күні келіп, клуб инфрақұрылымымен танысуды бастап кеткен болатын. Әзірге клуб басшылығы оның физикалық формасына көңілдері толатынын ғана айтумен шектеліп отыр.

“Бізде трансферлік терезе 3 сәуір күні жабылады, сондықтан әлі уақытымыз бар. Аршавиннің “Қайратқа” келуі 8 наурызда әйелдер қауымына сыйлық болуы мүмкін”, – дейді “Қайрат” футбол клубы бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев.

Әйтсе де көпшілік жанкүйерлер Аршавиннің Қазақстанға келуіне ықыласты емес. Өйткені, футболшы бұрынғыдай супер-деңгейде емес деп санайды. Клуб басшылығы жұлдызды ойыншының командаға қосылу-қосылмауын әлі жұмбақ күйінде қалдырып отыр.

Команданың маусымдағы алғашқы ойыны 8 наурыз күні “Астанаға” қарсы өтетін Суперкубок матчында басталады.

Талқылау