Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Қайрат» чемпиондар лигасының элиталық турында үшінші жеңісіне жетіп, төртінші финалға шықты

Алматылық «Қайрат» футзал чемпиондар лигасының элиталық турында өткен матчта Чехияның «Эра-Пак» командасын жеңіп, тағы бір шыңды бағындырды.

«Қайрат» чемпиондар лигасының элиталық турында үш рет жеңіске жетіп, «төртінші финалға» шықты

Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Ойын 4 : 2 есебімен қазақстандық команданың жеңісімен аяқталды. Кездесудің екінші минутында Қайрат командасының ойыншысы Ранжел Перейра, одан кейін 7-ші минутта Джон Леннон алғаш болып гол соғып, алматылық футболшылар алға шықты. Артынша ойынның 17 минутында Шыңғыс Есенаманов және 29 минутта Дәурен Тұрсағұлов қарсыластың қақпасына бір-бірден тағы гол салып, қазақстандық клуб айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Ал қарсылас командадан соғылған голдың иелері Матей Словачек және Макс жақсы өнер көрсеткенімен, чехиялық команда екі голмен шектеліп, төртінші финалға өтпей қалды.

Осылайша, «Қайрат» элиталық турдың матчында үшінші жеңісіне жетіп, 9 ұпай жинады және «төртінші финалға» жолдама алды. Ал финалдық турнир 2019 жылдың сәуір айында өтетін болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау