Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбавтың туысы Ресейдегі «Макдональдс» франшизасын сатып алмақ

«Макдональдс» Ресейдің 13 аймағында мейрамханалары мен франшизаларын сатпақ. Сатып алушылардың бірі қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев болуы мүмкін.

754726580942198

Бірнеше дереккөздің мәліметінше, Қайрат Боранбаев Ресей жеріндегі «Макдональдс» желісінің жаңа франчайзиі атанбақ. Боранбаев 2013 жылдан бері қарай Қазақстан мен Беллоруссиядағы «Макдональдс» франшизаларын қолға алған. ТАСС мәліметінше, ол 3-5 жыл аралығында 15 мейрамхана ашуды жоспарлауда.

Кәсіпкердің өзінен бұған қатысты пікір алу мүмкін болмады. Ал, Ресейдегі 67 «Макдональдс» мейрамханасы жаңа франчайзиге өткен. Алайда, оның кім екені әзірге белгісіз.

Нұрсұлтан Назарбаевтың туысы болып келетін Қайрат Боранбаев Қазақстандағы ең бай бизнесмендердің бірі. 2013 жылы оның қызы Әлима Боранбаева елбасының немересі Айсұлтан Назарбаевқа тұрмысқа шыққан болатын.

Forbes журналының мәліметінше, Боранбаев Қазақстандағы ең бай 50 бизнесменнің ішінде 350 млн доллар табысымен 15 орында тұр. Бұған дейін «Казросгаз», «Газпрома» сынды ірі компанияларға иелік еткен кәсіпкер Alma-Ata, Bekmambetov Cinema, Fitnation, Medeu Resort қонақүй кешені мен өзге де активтерді басқарады.

Жіберіп алмаңыз:

Америкалық тұрғын «Макдональдс» мейрамханасынан алты жыл бұрын сатып алынған тамақты көрсетті

Қазақстанда McDonald’s-тың 15 мейрамханасы ашылады

Талқылау