Қайрат Боранбаев Оңтүстік Кореяда олимпиада алауын ұстаған алғашқы қазақ жігіті

Бейсенбі, 2 Қараша , 2017 14:57

Қайрат Боранбаев 2018-қысқы олимпиада ойындарының алауын ұстады, деп хабарлайды Қазақпарат.

ҚР Ұлттық паролимпиада комитеті президентінің ұсынысымен Қайрат Боранбаев Пхенчханда өтетін қысқы олимпиада-2018 ойынының алауын ұстаушы болып бекітілді.

Қазақ жігіті олимпиада алауын Чеджу қаласының көшесімен алып өтті.

«Қазақстанды осындай спорттық жарыста таныту мен үшін үлкен құрмет. Олимпиада ойыны бұл – көлемді спортты жоба. Оған әлем назары ауады. Қазақстанда паролимпиада спорты белсенді түрде дамып келеді. Паролимпиада мен қысқы олимпиада ойындарына қатысушыларға сәттілік тілеймін. Жеңісті күндеріміз көп болсын», – дейді Қайрат Боранбаев.

Айта кетейік, Афина қаласында Олимпиада ойындары делегациясының өкілдері алауды ресми түрде табыс еткен еді.

Оңтүстік Корей елі үшін бұл олимпиада алауының екінші эстафетасы. Алғашқы эстафета 30 жыл бұрын, 1988 жылы, Сеулде өткен олимпиада ойындары кезінде берілді.

Тағы да оқыңыз:

Америкалық ғалымдар міні жоқ «идеалды» әйел бетін анықтады

Заңгер жыртық джинсы киетін қыздарды зорлауға шақырды

Қызылордалық шенеуніктердің ерлер мен әйелдер араласа жалаңаш күйінде демалған сәті желіге тарап кетті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар