Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қайрат” басшылары футболшыларын ұлттық құраманың ойынына жібермей қойды

“Қайрат” футбол клубы ел біріншілігінің тығыз кестесіне байланысты, ұлттық құраманың жетекші футболшыларын Қытаймен болатын жолдастық кездесуге жібермей қойды.

ыыыыыы

Сурет prosportkz.kz

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

Осы жағдайға қатысты Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов пікір білдірді.

“Кез-келген спортшы үшін елдің бас командасына шақырту алу үлкен құрмет. Біз үшін “Қайраттың” позициясы түсініксіз болып отыр. Басқа ойыншыларын ұлттық құрамаларына жібереді де, ал өз елінің жігіттерін аяқтан тартады. Бұл ретте өз футболшыларын сөзсіз жіберген “Астана” үлгі көрсетті”, – дейді Қожағапанов.

7 маусым күні Далянь қаласында өтетін Қазақстан-Қытай матчын “Хабар” арнасы тікелей эфирде сағат 17.30-де көрсетеді. Сондай-ақ, ҚФФ президенті бұл матчқа команданы кім баптайтынын да атап өтті.

“Бізде жақсы төрт бапкер бар. Олар Грузия мен Әзірбайжанға қарсы ойында өздерін жақсы қырынан көрсетті. Сол себепті Қытайға біздің құраманы Байсуфинов, Мазбаев, Феропонтов және Новиковтар бастап барады”, – деді ол.

Талқылау