Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қайрат” бапкері Вайсс қызметінен босатылды

2015 жылдың маусымы басталарда “Қайрат” басшылығы Владимир Вайстың алдына Қазақстан чемпионатын ұту және Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығу міндеттерін қойған еді.

news_big_6a8b0ea801e6aa8732a9095cf4700561news_big_6a8b0ea801e6aa8732a9095cf4700561

Бұл туралы STAN.KZ  Азаттық радиосына сілтеме жасап хабарлайды

Алматылық “Қайрат” футбол командасының бас бапкері, словакиялық маман Владимир Вайсс қызметінен кетті. Бұл туралы команданың ресми сайты хабарлады.

Вайсс “Қайрат” командасына 2012 жылы келген. Алматылық клуб Вайсс жаттықтырған кезде Қазақстан чемпионатында екі қола медаль алды. Ал биыл “Қайрат” Қазақстан біріншілігінде “Астанадан” бір ұпайға қалып, екінші орынды иеленді. 2014-2015 жылдары Қазақстан кубогын иеленді. Биыл Еуропа лигасы іріктеу кезеңінің плей-офф кезеңіне дейін жетті.

Алматылық команданы енді кім жаттықтыратыны әзірге белгісіз.

Талқылау