Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қай көлік үнемді: Мамандар отынды көп қажет етпейтін көліктерді атады

Мамандар көліктердің қайсысы отынды көп қажет етпейтінін білу үшін зерттеу жүргізді.

Қай көлік үнемді: Мамандар отынды көп қажет етпейтін көліктерді атады

Олардың мәліметінше, Peugeot 208 франциялық көлігі ең үнемді көлік. Оның мотор көлемі 1,6 литр. Екі литр дизель құйса, 100 шақырымға жетеді. Толтырып құйса, 43 литр дизель 2150 шақырымға жетеді.

Екінші орында Vauxhall Corsa көлігі. Ол Opel маркасымен танымал. Бұл көліктің шығыны барлығы 2,6 литр дизель. Тек тасжолға есептегенде.

Үшінші орында Kia Rio көлігі. Мотор көлемі 1,1 литр. Бұл да 2,6 литр шығын келтіреді.

Тізімде чехиялық Skoda Fabia мен франциялық Peugeot 308 көлігі бар. Олар 3,4 және 3,5 литрмен 10 шақырымды бағындырады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау