Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қай елдің балалары әділдікке тәрбиеленуде?

Америкалық ғалымдар Үндістан, Канада, Мексика, Перу, Сенегал, АҚШ және Уганда елдерінде өмір сүретін 4 пен 15 жас аралығындағы 866 баламен әлеуметтік тәжірибе жүргізген. Мақсаттары балалардың өзімшіл немесе әділ екендігін анықтау.

11

Тәжірибе барысында әр елде тәрбиеленіп жатқан баланың кәмпитті әділетсіз бөлісуге көзқарасы бақыланған, деп жазады https://massaget.kz.

Тіпті, ең жас балалардың өзі өзге біреудің өзінен көп кәмпит алғанына наразылық танытқан. Бұл балалар АҚШ, Канада және Уганда елдерінен болып шықты.

«Әдетте балалар кез келген нәрсенің тек өзінде болғанын қалайды. Табиғатынан қызғаншақ болады. Ал басқа баланың өзінен көп кәмпит алғанын көре тұра, еш үн қатпаған балалардың бар екеніне таңдандық. Олардан бұл әрекеттің себебін сұрағанымызда, әділ шешім солай болғанын айтты. Мұндай көзқарас көбіне дамушы елдердің балаларында байқалды», – дейді тәжірибе жетекішілерінің бірі Питер Блейк (Peter Blake).
Уганданың әділ балалар өмір сүретін елдер қатарына енгені де ғалымдарды ойландырды. Кейіннен белгілі болғандай, көптеген Африка елдеріндегі балалар еуропалық еріктілермен жиі байланыста болады екен. Балалар әділ билікке талпынуды солардың мәдениетінен үйренген болуы мүмкін.

Талқылау