Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қауіпті ағым: Жайнамаз тепкен жаттықтырушыны шәкірттерінің қасақана арандатқаны белгілі болды

Таразда жаттықтырушының жайнамазды теуіп, елді дүрліктірген жағдайы басқаша сипат алуда. Мұсылман қауымды ашуландырған оқиғаның анық-қанығы біртіндеп анықтала бастады.

Қауіпті ағым: Жайнамаз тепкен жаттықтырушыны шәкірттерінің қасақана арандатқаны белгілі болды

Бұл туралы 31 арнаға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Балалар қауіпті діни ағым жетегіне ере бастағаны, ұстазға қасақана қақпан ұйымдастырғаны, әдейі сабаққа қатыспай камера қосып бөлмеде күткені белгілі болып отыр. Кеше көп кісі бір жақты ұстазды қаралап кеткендей еді. Бүгін жұрт шындыққа көз жеткізе бастағандай.

«Өздеріңіз байқасаңыздар жаттықтырушы кірген кезде балалар «Аллаһу акбар»» деп тұра қалады. Бұны жаттықтырушы да көріп тұр, оның үстіне намаз уақыты да емес. Бірақ, олардың сол уақытта намаз оқымағаны анықталып отыр»,-дейді дарынды балалар мектеп-интернаты диреторының орынбасары Ердос Әкімов.

Басшылықтың сөзінше, теріс ағымда жүрген жееткіншектер ұстаздарын әдейі арандақан.
Сонымен қатар, балалар жатып оқитын интернатта бұрыннан бері білім алып жүрген ересектер жаңадан келгендерге намаз оқы деп, қауіпті ағымға кіруге үгіттейді екен. Ал, олардың ағымдарынан теріс әрекетті байқаған жаттықтырушы тәрбиеленушілеріне бірнеше рес ескерту жасаған.

«Жаңадан келген балаларға намаз оқыңдар. Намаз оқысаң мынадай болады деп деп үгіт насихат жүргізген. Олар өздерінің де дұрыс жолда жүрмегендерін білмей, басқаларын үйретіп жатыр. Кім біледі ол бұрыс жол шығар. Сондықтан да олар теріс жолға көбірек тартып отыр. Олардың тәгбір тартулары, тұрыстары мүфтият бекіткен ережеге сәл келмей тұр»,- Ердос Әкімов.

Оның сөзінше, жаттықтырушы олардың жиналып отырғанын көріп, мекеменің медресе емес спорт мектебі екенін айтып ескерту жасаған.

Ал, жаттықтырушысын арандатып, елге қарабет қылған балаларды ата-анасы алып кетіпті. Дегенмен, олардың отбасы ұлдарының намаз оқып жүргендерінен хабарлары болмаған.

Жаттықтырушыны жақтаған әріптестері оқушылар бұл қадамға өш алу үшін барды деп топшылауда. Себебі, дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта жылына екі рет іріктеу болады. Ал, төмен нәтиже көрсеткендер талап бойынша оқудан шығарылады. Намаз оқыған сыңай танытып, қойылым қойған балалар сол нәтижесі нашарлардың қатарында болған екен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау