Қатты сағынып жүрмін: Ислам Кәрімовтің қызы марқұм әкесі туралы естелігімен бөлісті

Өзбекстанның алғашқы президентінің кіші қызы Лола Кәрімова-Тилляева әкесінің қайтыс болғанына екі жыл толған күні марқұм туралы естелігімен бөлісті, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қатты сағынып жүрмін: Лола Кәрімова-Тилляева марқұм әкесі туралы естелігімен бөлісті

«Мен қатты сағынып жүрмін және уақыт ештеңені өзгерте алмайды. Керісінше, өткен уақыттарды жиі еске алып, бәрін қайтадан кешкендей болып, кейде Сіз айтқан көптеген дүниені енді ғана түсінгендей боламын. Өткен уақытта айтылған сөздер, өткеннің көріністері күні бой менімен бірге өмір сүреді де, ақырындап жоғалып, түсіме енеді. Ол жерде біз қайта кездесеміз. 2  қыркүйек – Сізді еске алу күні. Бүгін Сіз балаларыңыздың Өзіңіз туралы айтқан әр сөзін еститін боласыз. Есіміңіз мәңгі өшпесін», – деп жазды Ислам Кәрімовтің қызы Facebook желісіндегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетсек, Ислам Кәрімов 2016 жылдың 2 қыркүйегінде 78 жасында инсульттен қайтыс болды. Ол өзінің отаны Самарқандта жерленген еді.

Өзбекстан президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 қыркүйекте Шавкат Мирзиеев Ислам Кәрімов атындағы ғылыми-ағарту мемориалдық кешенінде болып, алғашқы президенттің ескерткішіне гүл шоғын қойып, оны еске алды.

Сонымен қатар ол Ташкенттегі «Навруз» рәсімдер үйінде Ислам Кәрімовті еске алу асына қатысты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
11.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар