Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қатты дауыл соғады: Қазақстанның үш облысында дабылды ескерту жарияланды

18 мамырда еліміздің кей өңірінд қатты дауыл соғады деп болжануда.

«Қазгидромет» мәліметінше, 18 мамырда Ақмола облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с болуы мүмкін.

Кей жерлерде тұман болып, найзағай ойнайды. Елордада жел екпіні 15-20 м/с болады дейді мамандар.

Ал, солтүстікте күндіз солтүстіктен соққан желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.

Петропавлда күндіз жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с болатын жел соғады. Қостанай облысының бұршақ жауып, тұманды болады. Мұнда желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді деп болжанды.

Тағы да оқыңыз:

Мұсылмандарға сүннет: Рамазан айында әр күні оқылатын тарауық намазының үкімдері

Алматы облысында көлік апатынан 5 адам мерт болды

Егіз қыздарға үйленген егіз жігіттер қалай танысқандарын айтып берді (фото)

ОҚО-да 27 жыл бұрын егіз қыздарға үйленген егіз бауырлар тұрады (фото)

Талқылау