Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қатты жылағандықтан: Әкесі бір айлық қызын перзентханаға қайтарып берген

Ресейдің Вологда қаласында әкесі бір айлық қызын перзентханаға қайтарып берген. Ол туған сәбиін перзентхананың табалдырығына қалдырып, кетіп қалыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ресейдің тергеу комитетіне сілтеме жасап. 

Қатты жылағандықтан: Әкесі бір айлық қызын перзентханаға қайтарып берген

Сәбиді аурухана қызметкерлері тауып, полицияға хабарлаған. Сол күні полицияға әйел адам шағымданып, өзі азық-түлік алуға кеткенде күйеуі мен сәбиінің жоғалып кеткенін айтыпты. 

Арада 4 күн өткеннен кейін жас әке полиция бөлімшесіне өзі келген. Ол қызы қатты жылап, оны тыныштандыра алмағандықтан, перзентханаға қайтарып бергенін мойындапты. Ал артынша өзінің не істегенін түсінгенде, үйінен кетіп қалыпты. Арада бірнеше күн өткеннен кейін үйге келуге батылым барды, дейді ол.

Ер адам полиция бөлімшесіне келгенде мас болған. Сондықтан ол әкімшілік бап бойынша тұтқындалыпты. 

Тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Белгілісі, отбасы әлеуметтік қызметкерлердің есебіне алынатын болады. 

Талқылау