Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Қатты таңғалдым": АҚШ азаматшасы атыраулық полицейлерді супермен деп атады (видео)

Атыраулық полицейлер АҚШ азаматшасы Линда Джейн Джейкбсонға таксиде ұмытып кеткен планшетін қайтаруға көмектесті. Планшетте әйелдің маңызды құжаттары болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

28 сәуірде Атырауда америкалық әйел Линда Джейн Джейкбсон таксиде планшетін ұмытып кеткен. Оның ішінде жеке мәліметтерінен бөлек, маңызды құжаттары болыпты. Сондықтан әйел Атырау қалалық полициясынан көмек сұраған. 

Полицейлер көшедегі бақылау камераларының көмегімен шетелдік азаматша мінген таксиді тауып, оған планшетін қайтарып берген. Іздестіруге Жедел басқару орталығының операторларынан бөлек, патрульдік қызмет пен жедел топтың қызметкерлері жұмылдырылған. 

АҚШ азаматшасы атыраулық полицейлердің шұғыл жұмысына тәнті болып, ризашылығын жеткізді. Ол тәртіп сақшыларына алғыс білдіріп, қалада өзін қауіпсіз сезінетінін айтты.

«Полицейлер аз уақыт ішінде планшетімді тауып берді. Олар өз жұмысын кәсіби тұрғыда атқарды. Мұнда полицейлердің бәріне әділ әрі бірдей қарайтыны ұнады. Қатты таңғалдым. Білесіздер ме, мен бұл қаланы жақсы көремін және полицейлермен өзімді қауіпсіз сезінемін. Алғыс білдіремін. Олар – супермендер», - дейді әйел видеода. 

 

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр