Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Катерлі ісіктің сирек түріне шалдыққан 7 жасар қыздың ата-анасы көпшіліктен көмек сұрады

Қарағандыда тұратын 7 жасар Нұрдана көпшіліктің көмегіне мұқтаж. Қыз сирек кездесетін онкологиялық ауруға шалдыққан. Ол Кореяда емнің алғашқы кезеңінен өткен. Қызының емінің ақшасын төлеу үшін отбасы басындағы жалғыз пәтерн сатыпты. Алайда алда әлі екі ем қабылдау қажет. Ал оған отбасының ақшасы қалмаған.

Катерлі ісіктің сирек түріне шалдыққан 7 жасар қыздың ата-анасы көпшіліктен көмек сұрады

Сурет: 31 арна/видеодан скриншот

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

7 жасар Нұрдана Ахметова математиканы ұнатады әрі мұғалім болуды армандайды. Ол 3 жасынан бері дертке шалдыққан. Қазақстандық дәрігерлер нақты диагноз қоя алмапты. Ал ата-анасының көз алдында семіп бара жатқан бала, тіпті, аяғынан айырыла жаздаған.

Ата-анасы жалғыз баспанасын сатып, Кореяға барған. Ондағы дәрігерлер қыздың қатерлі ісікке шалдыққанын анықтап, екі рет ота жасады. Бір айдан кейін тағы бір ота жасалуы тиіс. Оның құны 10 миллион теңгеден асып жығылады. Жергілікті дәрігерлер баладан бас тартпағанымен, өмір сүретініне кепіл де беріп отырған жоқ. Сондықтан Нұрдананың ата-анасы қазақстандықтардан көмек сұрауға мәжбүр.

«Өмір сүретіне мүмкіндік 50 де 50 екенін айтты. Емдей алатын сияқты. Алайда мұндай диагнозы бар балалардың аман қалмайтынын айтты. Мен оны жоғалтып алудан қорқамын. Егер оны бұл жерде емдететін болсам, тек уақыт жоғалтып аламын. Бізге тек бір-бір жарым ай берді. Сол ғана», – дейді Нұрдананың анасы Диана Тойшубекова.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Талқылау