Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қатерлі ісіктің дамуының белгілері анықталды

Джорджия медициналық колледжі мен Август университетінің зерттеушілері колит, яғни тоқ ішектің қабынуы түрлі аурулардың, оның ішінде қатерлі ісіктің, дамуына себеп болатынын анықтады.

Қатерлі ісіктің дамуының белгілері анықталды

Бұл туралы EurekAlert! сайтына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ғалымдар жаралы колит кезінде созылмалы қабыну салдарынан тоқ ішекте миелоидті бөгегіш жасушалар жиналып қалатынын анықтады. Өз кезегінде олар иммундық реакцияны төмендетеді. Бұл қалыпты нормада қабынуға және ісікке қарсы әсері бар интерлейкин-10 (IL-10) қосылысының көптеп бөлінуінен туындайды. IL-10 қосылысы көп мөлшерде бөлінгенде басқа механизм іске қосылып, STAT3 ақуызын іске қосады. Аталған ақуыз тоқ ішек жасушаларында DNMT1 және DNMT3b гендерін іске қосады.

DNMT1 және DNMT3b гендері ісіктің дамуына жол бермейтін IRF8-дің бақылау факторының белсенділігін басадыү

Тышқандарға жүргізілген зерттеу барысында олардың тоқ ішегінің ішкі қабатындағы эпителий жасушаларының IRF8 гені «өшірілді». Оның нәтижесі мутант кеміргіштер қабынуға және қатерлік ісіктің дамуына бейім екенін көрсетті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау