Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қатерлі ісікті жеңген 19 жасар футболшы Астананың ең үздік отбасына айналды

Астанада он үздік отбасы өнерлерін көрсетіп, үздік жас отбасылар анықталды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Қатерлі ісікті жеңген 19 жасар футболшы Астананың ең үздік отбасына айналды

Азат пен Әлия Жұмағұловтар үздік жас отбасы атанды. Ерген мен Гаухар Кенжеғұловтар 2-орын, Бахтияр мен Шадияр Мұхаметқалиевтер 3-орын алды. Бұл отбасылар 70 отбасы ішінен іріктелді.

«Менің ойымша, осы тектес шаралар отбасының ұйымшылдығын арттырады. Біз үшін күтпеген жеңіс болды. Шынымды айтсам, өтінімді соңғы мезетте бердік. Өте қуаныштымыз! Бұл сайыстан кейін бір-бірімізді бұрынғыдан жақсырақ түсінетіндейміз» , – деп ағынан жарылды жеңімпаздар отбасы.

Үшінші орынды иеленген Бахтияр Мұхамбетқалиев «Астана» футбол құрамасының бұрынғы тәрбиеленушісі. Ол қатерлі ісік дертін жеңіп шыққан.

«Біздің басты мақсатымыз – жас отбасыларға қандай жағдай болмасын бірге болу және бір-бірін жақсы көру керек екенін көрсету. Себебі, біздің отбасымыздың басынан өткен жағдайларды, тіпті, дұшпаныңа да тілемейсің» ,- деп бөлісті байқауға қатысудан алған әсерімен аяғынан айрылып, қатерлі ісікті жеңген 19 жасар футболшы Бахтияр Мұхамбетқалиев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау