Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қатерлі ісікті емдеудің жедел түрі табылды

Америкалық зерттеушілер қатерлі ісікті емдеудің жаңа тәсілін тапты. Мамандар ауруы әбден асқынған адамдарға тәжірибе жүргізіп, 94 пайыз жағдайда оң нәтижеге қол жеткізген.

issledovaniya-620x349
Сурет healthvesti.com сайтынан алынды

Емнің ерекшелігі сол тың әдіс арқылы ағзадағы жасушаларды қайта жаңартуға болады екен. Осының арқасында ағзадағы Т-лимфоциттердің қатерлі ісікке қарсы тұру мүмкіндігі артады. Жалпы бұл дерттен айықтыру үшін әлемде түрлі зерттеулер жасалғаны белгілі. Алайда АҚШ-тың Сиэтл қаласындағы тың әдістің әсері бәрінен тиімді көрінеді.

Айта кету керек, әзірге жаңа ем қатерлі ісіктің белгілі түрлерін емдеуге ғана қауқарлы. Бірақ зерттеушілер алдағы кезде осы олқылықтың орнын толтыруды жоспарлап отыр.

“Біз Т-лимфоциттердің өміршең түрін ғана жасап жатырмыз. Олар адам ағзасында өте ұзақ тіпті өмір бойы жүре алады. Жаңа клеткалар имунитеттің қатерлі ісікке қарсы тұру қабілетін күшейтіп қана қоймай, қайта қабынуынан қорғайды”, – дейді онколог Стэнли Ридделл.

Талқылау