Қатерлі ісікті емдеу үшін Қазақстаннан Жапонияға барған 6 жастағы қыз көз жұмды

6 жастағы Райана Сковородникова Өскеменнен Жапонияға емделуге барған еді.

Қазақстан халқымен бірге әлем елдері науқас қыздың еміне ақша жинаған. Райана ұзақ уақыт нефробластом, бүйректің қатерлі ісігі, дертімен күресті.

Анасының айтуынша, ұшақта қызының жағдайы нашарлап кеткен.

«Ұшақта өзін жайсыз сезінді. Жедел жәрдем алып, қалалық емханаға апарды. Ол ешқайда барғысы келмеп еді. Жол бойы үйге қайтайық деп жылады. Дәрігерлер көмегін жасағанымен, Райананың жүрегі тоқтап қалды», – деп жазды анасы Instagram.

Райана емделуге үлгермей қалды. Оны 2 тамыз күні қабылдайтын болған.

«Райана құдайға кетті. Жыламаңыздар, ол жұмақта, оған ауыр емес», – деп жазды анасы.

Қазір анасы қызының денесін елге әкелуге көмек сұрауда.

Қазақстан елшісінен жауап күтудеміз. Тасымал жасауды ұйымдастырушылардан көмек керек. Кейбірі денесін сол жақта жерлеңіз деп жатыр. Мен олай істей алмаймын. Бұл елде жерлемейді, сүйегін өртейді. Мұнда мұсылмандар да жоқ. Аллаға сенем, бір жеңілдігі болар», – дейді ол.

«Маған қызыма ауруды жеңесің деп сендіргенім ауыр соғуда. Райана қатерлі ісіктен көз жұмған жоқ. Жүрегі тоқтап қалды. Оны үйге сау әкелмегенім ауыр тиюде. Бірақ алла бізге ненің жақсы, ненің қайырлы екенін біледі. Балаларыңызды бар жаныңыбен жақсы көріңіздер.  Қасыңызда бар кезде, сүйіңіздер. Райана өмір бойы менің жүрегімде. Ешқашан ешнәрсеге шағым айтпайтын ең сабырлы қыз», – дейді анасы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар