Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қатерлі ісіктен қорыққан: Бір отбасының мүшелерінің бәрі асқазанын алдырып тастады

Ұлыбританияда бір отбасының үш мүшесі асқазанын алдырып тастады.

Қатерлі ісіктен қорыққан бір отбасының мүшелерінің бәрі асқазанын алдырып тастады

София Ахмед пен оның бауырлары Тахир Хан және Омар асқазанын ота арқылы алдырып тастады. Олар мұндай қадамға анасы мен әпкесі асқазанның қатерлі ісігі дертінен көз жұмғаннан кейін барды, деп хабарлайды The Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Дәрігерлер оларға асқазан қатерлі ісігі дерті пайда болмауы үшін ағзасын алдырып тастауға кеңес берген. 

София Ахмет бауырларының мұндай шешім қабылдауына өзі әсер еткенін мойындайды. Айтуынша, оның 32 жастағы әпкесі көз жұмғаннан кейін, оның медициналық картасынан қатерлі ісіктің бұл түрі тұқым қуалауы мүмкін екенін оқыған.

Отбасының үш мүшесіне де ота сәтті жасалды. Софияның айтуынша, ол «бұрынғыдай тамақтанып, қалағанын жасай алады». 

Бұл ретте тек салмақ сақтау мен кей дәрумендердің жеткіліксіздігі қиындық тудырады. Әйел отадан кейін құрсақ көтеріп, дені сау баланы өмірге әкелді. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр