Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қатерлі ісікке шалдыққан суретші әйел өзінің еміне ақша жинау үшін суреттерін сатуға шығарды

Алматылық суретші Бақыт Бүбіханова өзінің онкологиялық ауруынан айығу үшін қаражат жинау мақсатында, өзі салған суреттерді сатып жатыр.

298302ab-a6fd-4cc9-9338-7a480dc49925

Бұл туралы ол Фейсбуктегі парақшасында бөлісті. 32 жастағы әйелдің екі ұлы бар екен. Бақыттың айтуынша, Қазақстанда оған диагноз қоя алмаған. Сол себепті ол Оңтүстік Кореяда ем қабылдап жатыр.

“Сеулде маған мұрын мен құлақ арасындағы қабыну деген диагноз қойды. Және иық мен мойында лимфалық түйіндер бар екенін айтты”, – дейді суретші әйел.

Бақыттың Кореяда емделуі, жол шығыны, жүріп-тұруын оның туыстары мен таныстары төлеген. Осының барлығы үшін 10 мың доллар жұмсалған. Қазір оның ісігін сәуле және химиятерапия арқылы емдеуде.

ad9674e2-5dbb-4be2-9fbc-1ce1692ea55c (1)

“Оның мидың қасында орналасқанына байланысты, томмотерапия жасауға да болады. Жеті минуттан 33 сеанс. Бір сеанстың құны 1 700 000 вон”, – деп жазады ол.

Яғни, теңгеге шаққанда жалпы 33 сеансты қабылдау үшін оған 16 230 456 теңге қажет. Ол сондай-ақ, айтуынга дәрігерлер “рактың 70 пайызға жоғалу мүмкіндігі барын және ешқашан оралмайтынын” айтыпты.

d61dec58-a55b-4823-9ba6-7ecc0839c6df

Ол өзінің еміне қажетті ақшаны жинау үшін, суреттерін сатылымға шығарған. “Мүмкін сіз сатып алып, менің сауығып кетуіме көмектесерсіз”, – деп жазады ол.

“Сіздің маған қатты жаныңыздың ашып отырғанын сеземін, бірақ эмоцияға ерік бермейік. Бұл бар болғаны тәннің ауруы. Рух тұрғысынан мен саумын! Барлығыңызға рахмет!”, – деп жазады Бақыт Бүбіханова.

Оқи отырыңыз:

Астаналық дәрігерлер инсульт алған жүкті әйелді аман алып қалды

ШҚО-да дауылдан шатыр астында қалған 82 жастағы қария көз жұмды

Жол апатына ұшыраған қазақстандық футболшыға шұғыл түрде қан керек

12 жастағы Жәнелге бүйрегін берген ер адам өзін алдап кеткенін мәлімдеді

Талқылау