Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қатерлі ісікке шалдыққан спортшы Азамат Нұрпейісовтің еміне жиналған қаржы ұрланды

Спортшы Азамат Нұрпейісовтің  достары, туыстары, жанкүйерлері біріге отырып оның еміне айтарлықтай қаржы жинап қойған болатын. Сол ақшаны алаяқтар қолды қылып отыр.

азамат

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары сайты жазды.

Петропавл полициясы сол қаржының бір бөлігін алған  ОҚО тұрғынын ұстаған.

СҚО ІІД-ның баспасөз қызметі  белгілі кикбоксшы  Қазақстан және Азия чемпионы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Азамат Нұрпейісовтің  туыстарын алдап кеткен алаяқты ұстадық, деп хабарлаған.

 «Спортшы қатерлі ісікпен бірнеше уақыт алысқан. Оны емдету мақсатында достары, жақындары,жанкүйерлері айтарлықтай қаржы жинаған. Алаяқтар спортшының атындағы ақшаны алдап, алып алған. Банктің қауіпсіздік қызметімен бірге жасалған тексеріс нәтижесінде алаяқтың кім екені анықталды»,-делінген ІІД баспасөз қызметі жолдаған хатта.

Тексеру кезінде жиналған қаржыны 1993 жылы туған ОҚО тұрғыны алған болып шықты. Қазір оның үстінен алаяқтық бабы бойынша іс қозғалған.

«Қазір күдікті қамауға алынды. Анықталғандай ол бұған дейін алаяқтық бойынша жазасын өтеген болып шықты»,-дейді СҚО ІІД баспасөз қызметкері.

Бейресми ақпараттарға сүйенсек күдікті 6 миллион теңгені жымқырған.

Азамат Нұрпейісов – халықаралық деңгейдегі спорт шебері. Ол Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы әрі кубок иегері. (2009) жылғы Италияда өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері.(2011) Ирландияда өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері. Түркиядағы Әлем чемпионатында күміс медаль алған.

Азамат Нұрпейісов 2015 жылдың тамызынан бастап қатты ауырды. Спортшыны алғашында дәрігерлер бір ай бойы туберкулез ауруынан емдеген. Беті бері қарамаған спортшы сол уақыттың ішінде 20 келіге арықтап кеткен.

2015 жылдың қыркүйегінде Азаматқа 4 –ші дәрежелі өкпе туберкулезі деген диагноз қойылды.

Корея жеріне барып қымбат ота жасатуды жоспарлаған спортшының туыстарын достары мен жанкүйерлері қолдай түсті. «Чемпионды құтқарайық!» акциясын ұйымдастырды. Онда  Азаматты белгілі саясаткерлер мен спортшылар қолдаған еді.

Осыдан кейін спортшы бір жылын ауруханада өткізіп, ақыры ауыр дерттен қайтыс болды. Осы жылдың тамызында ол 28 жасқа толатын еді. Азаматтың артында әйелі мен екі жасар баласы қалды.

 

 

\

Талқылау