Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қатерлі ісікке шалдыққан қыз биімен интернетті “жарды” (видео)

АҚШ қаласында тұрып жатқан науқас өзінің биімен жұртты қайран қалдырды.

sddefault

Рак ауруына шалдыққан 32 жастағы америкалық Анна-Алесия Айела өзінің құрбысымен бірге онкологиялық аурухананың палатасында би биледі. Аурухана Техас штатының Даллас қаласында орналасқан. Қос құрбы билерін видеоға түсіріп, оны өздерінің фейсбук желісіндегі парақшаларына жариялаған. Небәрі 3 күн ішінде видеоны 10 млн.-нан астам адам қарап үлгерген.

“Мен өзге науқастардың осылайша өмірге деген махаббаттарын оятқым келеді. Ал олардың туысқандары мен жақындарына қабақтарын шытпауға кеңес беретін едім. Әлемге би мен күлкінің – таптырмас дәрі екенін көрсеткіміз келеді”, – дейді Айела. Видеоға 100 мыңнан астам пікір жазылған екен. “Қыздардың көңіл-күйі өте жақсы сияқты. Жаратқан шипасын берсін”, “Керемет! Екеуің де сондай сұлусыңдар!” дейді желі қолданушылары.

2015 жылдың желтоқсан айында Анна-Алесия Айелеге жатыр саркомасы деген диагноз қойылған болатын. Бойжеткен 4 рет химиятерапиямен емделген. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында дәрігерлер науқасты жағымды жаңалықтарымен қуантты. Ісіктің мөлшері азая бастаған екен.


Жіберіп алмаңыз:

Астаналық ару Молданазардың әніне билеп танымал ТВ-шоуға қатысты (видео)

Бейонсе өзінің голораммалық бейнесімен ән айтты (видео)

Сергей Безруков қазақ бүлдіршінін құтқару үшін суретін аукционға шығарды (видео)

Ақтөбе облысында 10-сынып оқушысының жүкті екені анықталды

Талқылау