Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қатерлі ісікке шалдыққан бір жарым жасар Алима Көпей Кореядағы ауруханадан шығарылды

Денесінің 50 пайызы қатерлі ісікпен зақымдалған бір жарым жасай Алима Көпей Оңтүстік Кореядағы ауруханадан шығарылды. Таяуда ғана екінші химиотерапия алған сәбидің ата-анасы ендігі емді Германияда жалғастыруға ниеттеніп отыр, деп хабарлайды Stan.kz.

Қатерлі ісікке шалдыққан бір жарым жасар Алима Көпей Кореядағы ауруханадан шығарылды

Бұл туралы Алиманың әкесі Алтай Көпей айтты.

«Біз ауруханадан шықтық. Алиманы көтеріп немесе арбаға салып алып жүретінімізді күтпедім. Алайда ол палатадан, ауруханадан қуана-қуана шықты. Бізге өзімізбен бірге көптеген дәрі-дәрмек берді. Оның бәрі Алимаға тиісті күтім жасалуы үшін қажет. Айжанмен бірге әрі қарай не істеу керектігі жөнінде толық кеңес алдық. Ал тосын жағдайлар орын алған жағдайда, ауруханаға қайтып оралуымыз қажет. Десе де ондай жағдай болмайды деп үміттенемін. Әзірге мен Алиманы Германияға жеткізу үшін тасымал және құжаттар мәселесімен айналысып жүрмін», – дейді Алтай Көпей.

Сонымен қатар Алтай Көпей көпшіліктің мемелекет тарапынан қандай көмек көрсетіліп жатқанын сұрайтынын айтып, аталған сұрақтың жауабын берді.

«Біздің мемлекет өте жақсы көмектесіп жатыр. Барлық жағынан қолдау білдіруде. Әзірге емдеу квотасына қатысты мемлекет көмегіне жүгінген жоқпыз. Себебі «Бонн» клиникасынан ресми тұжырым келмеді. Қолымызда тек депозит пен шақырту бойынша смета бар. Құжаттарды алған бойда, тиісті құжаттардың барлығын тапсырамыз.

Ал қазір қолымызда бар барлық құжат, тіпті клиникадағы чектерге дейін, Сеулдегі елшілікке, ҚР Сыртқы істер министрлігіне және Денсаулық сақтау министрлігіне тапсырылған.

Сонымен қатар мемлекет бізге Сеулден Астанаға жетуге мүмкіндік беретін санавиация бортын тағайындады. Бізге тек нақты уақытты белгілеп, Астана-Бонн бағытындағы бортқа тапсырыс беру қажет. Алайда Алиманың жағдайына байланысты, қазіргі уақытта бүгін, не ертең жолға шыға аламыз деп айта алмаймын. Бәрі анық болғанша бірнеше күн күтіп, барлығы жақсы болатынынан үміттенеміз», – дейді Алтай Көпей.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін денесінің 50 пайызы қатерлі ісікпен зақымдалған Алима Көпейдің анасы дәрігерлер үшін опық жегенін айтқан еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау