Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қатерлі ісікке шалдыққан бір жарым жасар Алима Көпейдің өмірі үшін АҚШ дәрігерлері күресетін болады

Қатерлі ісікке шалдыққан Алима Көпейдің тағдыры тек қазақстандықтарды емес, әлемнің бірқатар мемлекетінің халқын алаңдатты. Тіпті, танымал жұлдыздар да оның еміне қол созып, көмек берген еді. Бүгінде Алиманың емін жалғастыру үшін ата-анасы оны АҚШ-қа алып барған, деп хабарлайды Stan.kz.

Алима Көпей

Бұған дейін Кореядағы клиникада ем қабылдаған Алима Көпей ол жерде 3 химиотерапия алған. Ата-анасы қыздарын Германиядағы клиникада емдетуді жоспарлағанымен, ойлары іске аспай қалды.

Алайда қыздың ата-анасы болған жағдайға мұңаймай, мұны да жақсылыққа жорып, басқа емдеу мекемелерін іздестіре бастаған. Нәтижесінде олардың таңдауы АҚШ-тағы клинкаға түсіпті.

«Достар, біз Америкадамыз. Техас штаты Хьюстон қаласындағы «MD Anderson» клинкасына келдік. Біз неліктен бұл клиниканың дәрігерлеріне сенім артып отырғанымызды айтып бергім келеді», – дейді Алиманың анасы Айжан Көпей Instagram-парақшасында.

Сондай-ақ, ол біраз уақыттан кейін Instagram желісіндегі  тікелей эфирге шығып, барлығын толық айтып беруді уәде етті.

 

Публикация от @mrs.kopey

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін денесінің 50 пайызы қатерлі ісікпен зақымдалған Алима Көпейдің анасы дәрігерлер үшін опық жегенін айтқанеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау