Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қатерлі ісікке шалдыққан әйел лотереяда ұтқаннан кейін жазылып кетті (фото)

Канада тұрғыны және екі баланың анасы Диана Бишоп 4-кезеңдегі сүт безі қатерлі ісігінен зардап шеккен. Алайда лотереяда 1,5 миллион АҚШ долларын ұтып алғаннан кейін дертінен айыға бастапты.

Бұл туралы «Наш Ванкувер» хабарлайды.

Бишоп дертінен айығу үшін Торонтода өтетін тәжірибелік процедураларға ақша жинап жүрген. Бірақ бір күні 20 доллар тұратын лотерея билетін сатып алуды ұйғарған.

«Бұл қызық жағдай болды. Сол күні маған әлдекім: «Билет сатып ал», -деді. Мен мұны түсіндіре де алмаймын. Біз қатты қуандық. Ұтыстың арқасында қаржылық қиындықтарымыз шешілді», – дейді әйел.

Сент-Джонстегі Atlantic Lottery’s кеңсесінде чектің үлкен макетін ұстап тұрған Диана Бишоптың бақыттан басы айналған.

«Бұл ақшаны жаңа үй сатып алуға немесе саяхаттауға жұмсамаймын. Ақшаны тірі қалуым үшін керек», – дейді Бишоп.

Хабарланғандай, лотереядағы ұтысы әйелдің өміріндегі жалғыз таңғажайып оқиға емес екен. Жақында оның жағдайы оңалып, денсаулығы жақсара бастаған.

«Мойнымнан ауыр жүк түскен сияқты. 4-деңгейдегі қатерлі ісікті жеңе алмайтынымды білемін. Бірақ өмірімде орын алған жағдайлардың бәрі үміт береді. Әлі де біраз өмір сүремін деп сенемін», – дейді Бишоп.

Оқи отырыңыз:

Бір күнде әлемге танылған ирандық қыз: Анджелина Джолиге ұқсағым келмеген

АҚШ-та ит өз иесін атып тастады

АҚШ-та 6 жасар баланы “бум” деген сөзі үшін террорист деп айыптаған

Гарри ханзадаға қазақстандық шоколадтан дәм татқызды

Талқылау