Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қатерлі ісікке шалдыққан Әлима Көпейдің әкесі жағымды жаңалығымен бөлісті

Қатерлі ісікке шалдыққан Әлима Көпейдің отбасы жағымды жаңалығымен бөлісті. АҚШ-та емделіп жатқан бүлдіршіннің әкесінің сөзінше, соңғы тексеріс нәтижесі жақсы болып шыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Әлима Көпей

Кеше 29 қарашада Әлима Көпейдің жағдайы тексеріліп, талдаулар жасалған. Оның нәтижесі бойынша, АФП деңгейі 18-ді көрсеткен. Бүгін біз үшін ең бақытты әрі көптен күткен күн, дейді қуанышымен бөліскен Алтай Көпей.

«АФП деңгейі 4 аптаның ішінде 3 бірлікке төмендеген. Протокол бойынша, ол жылдам түсуі тиіс. Алайда әр организм әртүрлі. Дәрігер бұған дейін бір пациенттің АФП деңгейі 8 ай бойы 12-ні көрсеткенін айтты. Дәрігерлер оны бақылап, тексеріп жүрген. Уақыт өте келе бұл көрсеткіш тұрақталып, пациент дертінен айыққан», – деп жазды Әлиманың әкесі Instagram желісінде.

Алтай Көпейдің сөзінше, ендігі дәрігерлер Әлиманы 2 ай бойы ай сайын тексереді. Олар бұрынғыша талдау тапсырып, қаңтар айының соңында диагностика жасайды.

«Мен дәрігерден ауру белгілерінің жоғалғаны туралы бірнеше рет сұрадым. Алайда дәрігерлер организмде қандай өзгерістер болуы мүмкін екенін білмейтіндіктен, «Иә» деп жауап беру үшін мойнына жауапакершілік алғысы келмеді.

Алайда АФП деңгейінің көтерілмегенінің өзі жақсы. Яғни организм емді қабылдап жатыр. Қазіргі уақытта ешқандай емнің керегі жоқ, тек жағдайын бақылайды», – дейді ол.

Өз сөзінде Әлиманың әкесі әлемдегі үздік клиникалардың бірі саналатын MDAnderson-да емдлеу мүмкіндігін сыйлаған жандарға алғыс білдірді.

«Олар бізді түрлі дәрілермен зақымдамайды және организмге өздігінен қалпына келіне мүмкіндік береді»,  – дейді Алтай Көпей.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін денесінің 50 пайызы қатерлі ісікпен зақымдалған Алима Көпейдің анасы дәрігерлер үшін опық жегенін айтқанеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау