Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қатерлі ісік тудырту мүмкін. Қазақстандықтарды қауіпті дәрілерді ауруханаға қайтаруға шақырды

Денсаулық министрі европалық дәрігерлерді қайтару туралы шешім шығарған соң, қазақстандықтар “Вазар”, “Вазар-Н” атты препараттарды өткізе бастады. Бұл туралы Астана Тв арнасы хабарлайды.

Бұл дәрілердің құрамынан онкологиялық ауруды тудыртатын канцероген табылған. Бірақ ол әлі нақты емес.  Себебі, мамандар олардың ауруды туғызатынын әлі дәлелдеген жоқ. Дегенмен бұл дәрілерді тек қазақстандықтар емес, әлемнің бүкіл азаматтары қайтарып жатыр. Дәрілерді тексеруден өткізетін Ұлттық экспертиза орталығының айтуынша, Қазақстанға осындай дәрілердің екі миллионы жеткен. Дәрігерлер тауардың түгел қайтарылуын қадағалайтын болады.

Есен Сапаралиев есімді азамат бірнеше жылдар бойы жоғары қан қысымынан қиналады.  Ал 80 миллиграмдық “Вазар” дәрісін екі жылдың көлемінде ішіп жүр. Дәрі қан қысымын түсіруге жақсы көмектеседі екен. Бірақ ол дәрінің зиянын  естіген соң, оның орнына көк шайды ішетін болған. Азамат дәрінің денсаулық үшін зияны жоқтығына күдіктенеді.

“Егер әлемдік деңгейде осы іс қозғалмағанда, біз оның зиянын білмей, ары қарай ішіп жүре беруші едік. Неге дәріні осында тексермеген? Енді оның орнына қайсысын ішеміз? Ал жаңа дәрілер де зиян болса не істейміз? ” — дейді Есен Сапаралиев.

“Осындай мәзірмен келіп, сол субстанциядан осы дәрілердің үлгісін алуға болады. Таблеткалардың саны да сондай. Қабылдау уақыты да бірдей “, — дейді Алматыдағы дәріхананың меңгерушісі Татьяна Кирченко.

“Қазақстандықтар “Вазар” және  “Вазар-Н” дәрілерін қайтару керектігін естіген соң, дәрігердер де еш қарсылық білдірмей оларды қайтып алды. Шымкент қаласындағы 3 қалалық ауруханаға тұрғындар 80 қаптаманы алып келді. Дегенмен кейбір адамдар дәрілерді қабылдап үлгерген”, — дейді дәрігер Айнұр Маймақова. Оның аймағында емделетін 10 адам дәріні қабылдаған.

“Кейбір адамдар дәріні қабылдады. Оны алған дәріханаларына қайтарды. Ал біз болсақ дәрілерді дәріханаларды алып алдық. Қазір науқастардың жағдайын бақылап отырмыз.

Қазақстанда “Вазар”,  “Вазар-Н” препараттары 2010 жылы тіркелген. Бірақ қауіпті деп саналып отырған дәрілерді “Балканфарма-Дупница АД” тек осы жылы ғана шағара бастады. Ол үшін Қытайда орналасқан “Вальсартан” субстанциясы жұмыс  істейді. Осы жылы сол жерде басқа технология қолданып жатыр. Осылай дәрілер онкологиялық ауруларды тулдыратын канцерогені бар деп күдіктеле бастады. Дәрілерді тексеретін Ұлттық экспертизаның мәлімдемесінше, халықты тегін емдеу мақсатында қазақстандықтарға дәрінің 47 мың данасы берілген. Осы жылғы дәрілерді шамамен 12 мың адам қабылдаған. Онкологиялық аурулар  осы препараттарды 7 жыл көлемінде қабылдағанда пайда болатынын ескермегенде, орта есеппен алғанда екі қазақстандықтың өміріне қауіп төнетін еді”, — дейді дәрігер Айнұр Маймақова.

“Осыған орай қазіргі уақытта Қазақстанда канцерогені бар дәрілер тәркіленді. Басқа дәрілердің қауіпі жоқ. Себебі олар басқа субстанцияларда жасалған”, — дейді дәрілер мен медтехниканы тексерістен өтікізетін Ұлттық экспертиза директорының орынбасары Арнұр Нұртаев.

Қазір дәрілердің құрамында зиянды канцерогеннің бар-жоғы әлі белігісіз. Егер бар екені дәлелденсе, тауар сатылымнан алынады.

Талқылау