Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қатерлі дертке шалдыққан қыз ауруханада некелесіп, 3 күннен соң қайтыс болды

АҚШ-тың Флорида штатындағы Тампа қаласында қатерлі дертке шалдыққан бойжеткен ауруханада некелесіп, үш күннен соң қайтыс болды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қатерлі дертке шалдыққан қыз ауруханада некелесіп, 3 күннен соң қайтыс болды

Нина Марино 18 жасында 2017 жылдың мамыр айында қатерлі ісікке шалдыққанын білді. Бір айдан кейін ол бала кезіндегі досымен Disney World ойын-сауық саябағына демалуға барды. Онда олардың арасында махаббат ұшқыны оянып, сол кезден бері екеуі ғашықтар ретінде кездесе бастады.

Тамыз айында Марино ісіктің өкпеге жайылғанын білді. Жалғыз өкпесінен айырылса, тірі қалмайтынын білген бойжеткен сүйіктісіне үйленейік, деп ұсыныс жасады. Олар салтанатты рәсімді қыз ауруханадан шыққаннан кейін ашық аспан астында өткізуді жоспарлаған болатын. Алайда, қалыңдықтың жағдайы күннен-күнге нашарлап, үйлену тойы кейінге қалып қалды.

Қыркүйек айының басында дәрігерлер оларға тойды енді кешіктіруге болмайтынын айтып,  ескертті. Содан олар үйлену тойын дәл сол күні ауруханада жасап, некеге отырды. Хәл үстінде жатқан қыздың жанына туыстары мен достары жиналып, кереуеттің үстіне той аркасы қойылды. Алайда, қалыңдық тұрмысқа шыққанына үш күн өткен соң қайтыс болды. Үш-ақ күн қалыңдық атанған қыз той көйлегімен жерленді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау