Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қатаң жазаланады»: Бас прокуратура қазақстандықтарға ескерту жасады

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 9 мамырда заңсыз шеруге қатысуға үгіттеуде. Осыған байланысты, еліміздің Бас прокуратурасы қазақстандықтарға ескерту жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бас прокуратура бұған дейін осындай заңсыз жариялы акциялар ұйымдастырған және қатысқаны үшін жауаптылықты ескерткен болатын. Алайда биылғы жылдың 1 мамырында кейбір азаматтар уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметкерлері әкімшілік жауапқа тартылатынын түсіндіргенін елеместен, заңсыз шерулерге шығып, әкімшілік жауапқа тартылды. Олардың құқықтық тәртіпке қайшы іс-әрекеттерінен азаматтардың демалуына және тыныштығына қауіп төнді.

«Осыған байланысты, шерулер ұйымдастырудың және өткізудің заңды тәртібін бұзуға жол берілмейтініне назар аударамыз. Құқық бұзушылыққа кінәлілер заң алдында қатаң жауап беретін болады», - делінеді Бас прокуратура хабарламасында. 

Бас прокуратура қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында, арандатушылыққа берілмеуге және мемлекеттің заңдарын бұзбауға шақырады.
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр