Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қасымов полицейлердің жаңа формасын көрсетті

ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов жаңа форма киген полицейлерді Ақордаға алып барып, полицияның қызметтік киімінің жаңа үлгісін елбасы Нұрсұлтан Назарбаевға көрсетті, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Қасымов полицейлердің жаңа формасын көрсетті

Мемлекет басшысы полицейлердің жаңа қызметтік киімінің соңғы үлгісін, матасының сапасын өзі тексеріп көрді. Қызметтік киімнің түсі өзгертіліп, қара-көк түс таңдалған екен. Сонымен қатар киімдегі «полиция» сөзі латын қарпімен жазылыпты.

Полиция формасының жаңа үлгісінде барлық жыл мезгіліне арналған сырт киім мен бас киім қарастырылған.

Белгілі болғандай, олардың үлгісін отандық сәнгерлер жасаған. Полицияның қызметтік киіміне ішкі істер саласын реформалау үшін бюджеттен берілген қаржының 326 миллиард теңгесі бөлініпті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау