Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қасымов қазақстандықтардың полиция жұмысына қатысты сынына жауап берді

ҚР Ішкі істер министрлігінің басшысы Қалмұханбет Қасымов ел тұрғындарының полиция жұмысына қатысты сындарына жауап берді. Өз сөзінде ол ІІМ тарапына айтылып жатқан сындардың дұрыстығын мойындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қалмұханбет Қасымов

«Өкінішке орай, соңғы уақыттарда ІІМ және полиция тарапына жиі сын айтылып жатыр. Көп жағдайда сын дұрыс айтылады. Шындығында, полиция қызметінде шешілмеген мәселелер мен кемшіліктер көп. Біз оларды түзету үшін жұмыс істеп жатырмыз және кейбірін қоғамнан жасырып отырғанымыз жоқ. Министрлік БАҚ-тағы сыни мақалаларды бақылап отырады. Мұндай жағдайдың әрқайсында тәртіп пен заң бұзушылық анықталса, қатаң шара қолданылып, қызметкерлер жұмысынан қуылады», – дейді министр.

Қасымовтың сөзінше, биылғы жылы ішкі істер органдарынан теріс себептерге байланысты шамамен 600 қызметкер қызметінен босталыған.

«Қабылданған шараларға, қатаң түрдегі әкімшілік санкцияларға қарамастан, көліктегі полицейлердің жұмысы азаяр емес. Биылғы жылы 17,8 мың мас жүргізуші ұсталды. Шамамен 25,6 мың тәртіп бұзушы сот арқылы көлік жүргізу құқығынан айырылды. Ал 2200 жүргізуші әкімшілік қамауға алынды.

Бүгінде рецидив қылмыстарға қатысты жұмыстарды күшейтуді қарастырудамыз. Қылмыстық жауапкершілікке тартылғандардың 30 пайыздан астамы – бұрын сотталғандар. Олардың әрбір бесіншісінің өтелмеген мерзімі бар», – дейді ІІМ басшысы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау