Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қасымов Денис Теннің өліміне қатысты ұсталған үшінші күдікті туралы айтты

Танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты ұсталған Жанар Толыбаеваның Жамбыл облысының тумасы екені және Алматыдағы кафелердің бірінде даяршы болып жұмыс істегені белгілі болды. Бұл туралы ІІМ басшысы Қалмұханбет Қасымов Алматыда өткен кеңесте айтты, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Қасымов Денис Теннің өліміне қатысты ұсталған үшінші күдікті туралы айтты

Оның айтуынша, қылмыс 2018 жылдың 19 шілдесінде сағат 14.56-да болған.

«Сол күні сағат 22:30-да біз бірінші күдіктіні ұстадық. Сол арқылы оның сыбайласы анықталды. Ол қыз түсініктеме алу кезінде бәрін мойындады. Бірақ, үшінші қылмыскерді қолға түсіру қиын болды. Ол бірінші күні мекен-жайын бірнеше рет ауыстырып қашып жүрді. Сондықтан біз, іс бойынша Ақсай ықшамауданында толық әскери операция жүргізуге мәжбүр болдық. Оны іздеуге Ұлттық гвардия жауынгерлері де қосылды. Ал, ол басқа мекен-жайға көшкен кезде, сағат 18.40-де қамауға алынды»,-дейді Ішкі істер министрлігінің басшысы.

«Үшінші күдікті де Жамбыл облысының тумасы. Ол жаз бастала сала Алматыға даяршы ретінде жұмыс істеуге келген. Олардың бәрі қалада кездесті. Ал, бұл екеуі көліктердің айнасын ұрлаумен айналысып жүрген», – деді Қасымов.

«Ішкі істер органдары мен Ұлттық гвардия офицерлері бәріміз Денис Теннің кенеттен болған қазасына қайғырып отырмыз. Көпшілігі біле бермейді, бірақ ол да біздің адамымыз болған. Денис 2011-2012 жылдары Ұлттық гвардияда қызмет етті. Бізде спорттан аға нұсқаушысы болып жұмыс істеді. Сондықтан, Денис Теннің қазасы біздің де, барлық қазақстандықтардың да қабырғасын қайыстырды. Мен оның отбасымен жеке барып, көңіл айтып келдім», – дейді Ішкі істер министрлігінің басшысы.

Естеріңізде болса, 27 шілдеде танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты істі тергеу аясында үшінші күдікті ұсталған болатын. Кейіннен оның әйел адам екені белгілі болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау