Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қасымов Денис Тенге қайтыс болғаннан кейін табысталған медаль туралы: Қолымнан келгені осы

ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге қайтыс болғаннан кейін табысталған «Қоғамдық тәртіпті сақтауға қосқан үлесі үшін» медаліне қатысты пікір білдірді.

Денис Тен

Министрдің сөзінше, аталған медаль Дениске оқыс жағдай кезінде танытқан ерлігі үшін табысталған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz.

«Бұл мен марапаттайтын ең жоғарғы награда. Бұл медаль түрлі жағдай кезінде ерлік көрсеткені үшін және өзінің функционалдық міндеттерін орындағаны үшін беріледі», – дейді Қасымов.

Өз сөзінде Қасымов Денис Теннің қылмысқа жол бермеуге тырысып, тосқауыл болғанын және батылдық танытқанын айтты. Сондықтан спортшыны марапаттау туралы шешім қабылдаған.

Десе де мәнерлеп сырғанаушының қайтыс болғаннан кейін марапатталуына қатысты желіде түрлі пікір жазылып жатыр. Мәжіліс кулуарының барысында журналистер министрге осы туралы сауал жолдап, желідегі пікірлерге қалай қарайтынын сұрады.

«Қолымнан келетіні бар болғаны осы», – деп жауап берді ішкі істер министрі.

Еске сала кетсек, бұған дейін ҚР ІІМ басшысы Қалмұханбет Қасымов танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге қайтыс болғаннан кейін «Қоғамдық тәртіпті сақтауға қосқан үлесі үшін» медалін табыстау туралы бұйрыққа қол қойған еді. Медаль Алматы қаласында спортшының әкесіне табысталды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау