Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қасымов: Бостандыққа шыққандардың үштен бірі қайта қылмыс жасайды

Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов жыл сайын Қазақстан колонияларынан 10 мыңнан астам адамның бостандыққа шығатынын сөз етті.

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

“Пенитециарлық пробацияға тоқталатын болсақ, оған жазаны өтеу мерзімі аяқталуына бір жыл уақыты қалған сотталғандар жатады. Мекеменің әкімшілігі әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша арнайы жеке бағдарламаны құрады. Нақты сотталған адаммен тиісті жұмысты бастап, босатылуға дайындалады. Осы орайда, тәрбиелік шаралар жүргізіліп, құқықтары мен міндеттемелері түсіндіріледі. Туыстық және әлеуметтік байланыстарын қалпына келтіру, әлеуметтік қызметтер алу қажеттілігі туралы ниеті қаралады. Жыл сайын елімізде колониялардан 10 мыңнан астам азамат босатылады. Олардың үштен біріне жуығы бостандыққа шыққаннан кейін қайта қылмыс жасайды”, – деді министр.

Ведомство басшының айтуынша, колонияларда сотталғандардың білім алулары үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Мекемелерде 53 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Мұнымен қатар, 47  кәсіби колледждің базасында 35 жұмыс мамандықтары бойынша оқыту жүргізіледі.


Жіберіп алмаңыз:

Ақтауда ресейлік турист шұбат ішуден жарысып таңғалдырды

Оралда кондуктор 10 теңге үшін оқушыны аялдамадан түсірмей қойған

Қостанайлық полицейлер 10 жасар баланы анасының рұқсатынсыз көлікке отырғызып әкеткен

Алматыда күйеуімен ажырасқан әйел екі айдан бері балаларымен далада түнеп жүр

Талқылау