Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Каспий теңізіндегі итбалықтардың жаппай қырылуына қытай торлары себепші болған

Жануарлардың өліміне мұзжарғыш кеме мен броконьерлер құрған қытайлық торлар кінәлі екен. Өлекселерге жасалған сараптама қорытындысын жариялаған Ауыл шаруашылығы министрлігі осылай деп отыр, – деп хабарлайды КТК арнасы.

it-balyk

Айтуларынша, аймақта дабыл қағарлық мәселе жоқ. Жануарлардың денесінен ешқандай ауру анықталмаған. Тек теңіздегі қытай торынан құтылсақ итбалық енді өлмейді дейді министрлік өкілдері. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Каспий жағалауынан жаппай қырылған итбалықтардың өлекселері табылған еді. Бірақ Алматыдан вирусологтар жеткенше, жергілікті билік олардың басым бөлігін өртеп жіберген. Сондықтан, тәуелсіз сарапшылар нақты себепті айту мүмкін болмай отыр деп шағымданған-ды. Ал, ауыл шаруашылығы министрлігінің қорытынды жасауына өлекселердің аздығы қиындық тудырмаған сыңайлы.

“Біз сараптама жасадық. Ешқандай экологиялық апат жоқ. Бәрі адам қолымен жасалып отыр. Қытай торларының кесірінен өлген көбісі. Сондай-ақ мұз еркіген кезде үлкені бар кіші бар үш жүзден астам итбалықтың қырылғаны да белгілі болды”, – дейді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті төрағасының міндетін орындаушы Марлен Айнабеков.


Жіберіп алмаңыз:

Ақтаулықтар сұйық майға таласып қалды

Ақтөбе облысында тендерді тек танысына бергізген әкімнің орынбасары қамауға алынды

Алматылық әйел сотта ұлының биологиялық анасын жеңіп кетті

Атырау облысында сегіз жасар қыз жоғалып кетті

Талқылау