Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Каспий теңізінде мұнай кен орны отқа оранды (видео)

Каспийдің әзірбайжандық секторындағы «Гюнешли» кен орнында өртеніп жатқан платформадан 26 адам құтқарылды. Құтқарылғандардың барлығы платформадан эвакуацияланған.

Безымянный

 

Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.

Құтқару жұмыстарына ТЖМ тікұшақтары мен кемелер тартылды. Кейбір деректер бойынша, өрт басталған кезде платформада 42 адам болған.

Бұған дейін жылдамдығы секундына 37 метрді құрап отырған екпінді жел мен он метрлік толқындар құтқарушылардың жұмысына кедергі келтіріп жатқаны хабарланған болатын.

Бүгін таңертең оқиға орнына Әзірбайжан мемлекеттік мұнай компаниясының президенті Ровнаг Абдуллаев пен компания басшылығы келіп кетті.

Талқылау