Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Каспий маңынан ондаған итбалықтың өлексесі табылды

Атырау облысында “Прорва” кенішіндегі кеме жүзетін теңіз арнасы құрылысы маңынан ондаған итбалық өлексесі табылды.

175088-944-621

Фото: 20minutos.es

Бұл туралы отандық басылымдар хабарлайды.

Орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясы жетекшісі Мұрат Ермекқалиевтің айтуынша, өлген итбалықтар туралы ақпарат ветеринарлық инспекцияға Жылыой ауданында көмірсутегі шикізаты кенішіне жақын жерде теңіз арнасы құрылысын салып жатқан компания қызметкерлерінен түскен.

Аталған аймаққа Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы, аймақтық экология департаменті мен Қазақстан балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Атыраудағы филиалы өкілдері бірігіп арнайы топ жіберген.

Бұл Каспий маңында теңіз жануарларының алғаш рет қырылуы емес. Осыған дейін 2013 жылы Маңғыстау облысы Тұпқараған ауданы Баутино ауылының маңында бірнеше итбалықтың өлексесі табылған болатын. Ал 2012 жылы Каспии маңынан 35 итбалықтың өлексесі табылған.


Қазақстанның Қызыл кітабына қандай жануарлар енгізілген

Талқылау