Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Kaspi Bank туралы жалған ақпарат таратқан азамат ұсталды

Алматы полиция департаменті Kaspi Bank туралы әлеуметтік желіде және БАҚ-та жалған ақпарат таратқан азаматты анықтап, қолға түсірді. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шаралары барысында елорда тұрғынын күдікке алды. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД-ге сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Kaspi Bank туралы жалған ақпарат таратқан азамат ұсталды

“35 жастағы Астана тұрғыны ай басында әлеуметтік желі арқылы банк қызметі мен оның басшысына қатысты жалған ақпарат таратты. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері аталған қылмысқа қатысы бар басқа тұлғаларды анықтау үстінде”, – деп хабарлады Алматы полициясы баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек.

Қылмыстық кодекске сәйкес, күдіктінің кінәсі дәлелденсе, үш мың АЕК көлемінде айыппұл төлеуі немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау