Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Банктың мобильді бағдарламасын рұқсатсыз жасаған студент жауапқа тартылды

Қолдануға ыңғайлы әрі коммуналды төлемдерді төлеуге қолайлы болу үшін заңсыз түрде мобильді бағдарлама жасаған студентті айыппұл төлеуге міндеттеді, – деп мәлімдеді Павлодар облыстық соты баспасөз қызметінің жетекшісі Жанар Жұматаева.

samsung_galaxy_s6_image_3_obofon.ru

Сурет: bnews.kz 

Облыстық соттың мәліметнше, 2016 жылдың 3 ақпанында облыстық ІІД-не Kaspi Bank тарапынан Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты студентінің банктің логотипін рұқсатсыз пайдаланып, бейресми түрдегі бағдарлама жасағаны жөнінде шағым түскен. Тергеу жұмыстарының нәтижесінде Kaspi Bank ғаламтор бөлімінде аталған мәліметке сай келетін қолданушының тіркелгені, сайтта банктің бейресми бағдарламасын жариялағаны анықталды.

Студенттің өзінің айтуынша, ол банктің парақшасына кіріп, қызмет түрінің күрделілігін байқаған. Соған байланысты мобильді бағдарлама жасауды жөн көрген. Ал, банктің қызмет көрсету бөліміне ресми түрдегі мобильді бағдарлама жайлы кейінірек жазам деп ойлаған.

Банкке ешқандай қаржылай шығын келмегендіктен қылмыстық іс тоқтатылып, іс әкімшілік жауапкершілікке ауыстырылды.

Облыстық сот айыпталушыны өзгенің тауар белгісін заңсыз қолданғаны үшін кінәлі деп тауып, 30 АЕК көлемінде (44 541 теңге) айыппұл салуға және тауарды тәркілеуге шешім шығарды. Сондай-ақ сот шешімімен айыппұл көлем 30 пайызға қысқартылды.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда арыққа қоқыс тастаған адамға айыппұл салынды

Қазақстанда тері рагын анықтап беретін мобильдік жүйе іске қосылды

Қазақстандықтар енді мобильді телефон арқылы той ұйымдастыра алады

Талқылау