Kaspi Bank басшысы Михаил Ломтадзе мәлімдеме жасады

Банк басшысы Михаил Ломтадзе салымшыларға арнап видео түсіріп, оны әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды

Осы аптада қазақстандықтарды ірі банктың банкротқа ұшырауы үрейлендірді. Себебі, бейсенбі күні Kaspi.kz ұялы қосымшасы жұмыс істемей қалды. Сенбі күні чаттарда банк басшысының қашып кеткендігі жайлы және тез арада ақшаны карточкадан шешіп алу керектігі туралы аудио хабарламалар тарады.

Осы хабарламаларға жауап ретінде Михаил Ломтадзе өзінің кеңседе екенін мәлімдеп, видео жариялаған еді.

Қазақстандықтарды банк туралы мәселелер жайдан-жай алаңдатпайды. Жақында Qazaq Banki, “Эксимбанк”, “Астана Банкы” лицензияларынан айырылып қалған еді.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр