Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Банк 5 баласынан бірдей айырылған астаналық отбасының несиелік қарызын кешіреді

Күні кеше Астанада өрттен көз жұмған балалардың ата-анасы қайғылы жағдай кезінде жұмыста болған. Олардың басында бір емес, бірнеше несиесі бар. Мемлекетті дүр сілкіндірген қазадан кейін Kaspi Bank марқұмдардың ата-анасының несиелік қарызы кешірілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Kaspi Bank 5 баласынан бірдей айырылған астаналық отбасының несиелік қарызын кешіреді

Facebook желісінде қолданушылардың бірі жазба жариялап, үлкен қайғыға душар болған отбасының басында бірнеше несиесі болғанын айтты. Ол қазақстандық банктерді қайғыдан қан жұтқан отбасының қарызын кешіруге шақырды.

«Ситер отбасының 4 банкте несиесі бар дейді. Екінші деңгейлі банктерге олардың қарызын «кешіру» қиын ба? Соның кезі келді!» – деп жазған Дамир Аспан есімді қолданушы.

Осыған байланысты Kaspi Bank баспасөз қызметі бес баласынан айырылған ата-ананың қарызы кешірілетінін мәлімдеді.

«Бұл қайғылы жаңалықты күйзеліспен қабылдадық. Kaspi.kz басшылығы Ситер отбасының несие бойынша қарызын жабу туралы шешім қабылдады. Бұл PR үшін емес», – деп жазды банк өкілі.

Kaspi Bank 5 баласынан бірдей айырылған астаналық отбасының несиелік қарызын кешіреді

Еске сала кетсек, Астанада өрт салдарынан бір үйдің 5 баласы көз жұмды: 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары дүниеге келген. Олардың ең кішісі – небәрі 11 айлық. Түнде олар тірідей өртеніп кеткен кезде, ата-анасы жұмыста болған.

Бүгін марқұмдардың денесі жер қойнына тапсырылды. Жерлеу рәсімен жүздеген адам жиналды.

Айта кетсек, қайғылы оқиғадан кейін еліміздің еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова көпшіліктің сынына ілікті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау