Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қасқырды көлікпен таптап өлтірмек болғандар жұрттың ашуын тудырды (видео)

Қасқырды қорлағандардың әрекеті жұрттың ашуын тудырды. Белгісіз біреу аңшылардың көкжалды көлікпен таптап жатқан сәтін таспаға түсіріп, ғаламторға жариялаған.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Үш минутқа жетер-жетпес таспада түз тағысын аңшылар тепкілеп, артынан көлікпен жаншып өтеді. Ал қасқыр машинаның алдыңғы темірін тістелеп қорғанып әлек. Соңынан арқанмен байламақ болған жерінде түсірілім аяқталған. Оқиғаның қай аймақта болғаны әзірге белгісіз. Тек басында ақтөбелік аңшылар екен деген болжам айтылды.

Талқылау